Графика түсінігі
Мақсаты: Пәннің мазмұнымен таныстыру
Дәріс сұрақтары:
1. Кіріспе
2. Компьютерлік
графиканың қолданылу облысы
1. Компьютерлік графика - бұл компьютерде
графикалық
бейнелермен (суреттермен, сызумен, видеокадрлармен және т.б.) жұмыс
істеу мүмкіндігін
беретін информатиканың бір бөлімі. Сонымен бірге мұнда
компьютер көмегімен графикалық бейнелер алу
әдістері
құрылып,
қолданылады.
Компьютерлік
графиканың даму
этаптары:
·
Белгілік баспа құрылғысында символдан жасалған
мозайка түріндегі
псевдографиялық баспа;
·
Плоттер көмегімен
қағазға
графикалық
бейнелерді (графиктер, диаграмма/сызбалар) шығару;
· Түрлі-түсті
баспа құрылғыларға
графикалық
баспа, көпшілікке
арналған
графикалық
пакеттерге графикалық дисплейлерді пайдалану.
2. Компьютерлік
графиканың қолданылу
облысы
1. Ғылыми графика
2. Іскерлік графика
3. Конструкторлық графика
4. Иллюстративтік графика
5. Көркемдік
және
жарнамалық
графика: үш өлшемді
шынайы бейнелер, компьютерлік жасанды қозғалыс,
мультимедиа.
1. Ғылыми графика. Бұл бағыт бірінші пайда болды. Оның тағайындамасы - объектілерді құрудағы көрнекі кескіні. Ғылыми және инженерлік қызметтерде ғылыми графика ғылыми зерттеулер жүргізуде және оны құруда эксперимент жүргізу барысында оның есептеу жүргізгендегі нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Медицинада ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма түрінде қолданылады. Ал, білім беруде -
мультимедиалық программалық түрінде қолданылады.
Тағайындамасы:
· Ғылыми
зерттеулер және есептелген эксперимент нәтижелерін көрнекі бейнелеу;
· Есептеулер нәтижесін графикалық өңдеу.
2. Іскерлік графика.
Компьютерлік графиканың бұл аймағы әртүрлі
мекемелердің жұмысында
жиі қолданылатын безендірмелер
(иллюстрациялау) жасауға арналған. Іскерлік графика көмегімен жасалынатын безендірме
материалдар объектісі - жоспарлық көрсеткіштер,
есеп құжаттар, статистикалық мәліметтер, бұл графиктер көбінесе диаграмма түрінде болады. Білім беруде компьютерлік графика
университеттер дәрісінде, мектеп сабақтарында, компьютерлік оқыту программаларында, сонымен
бірге Internet беттерінде қолданылады. Іскерлік графиканың программалық құралдары
әдетте кестелік процессорлардың (электрондық кестелердің) құрамына кіреді.
3. Конструкторлық графика. Бұл
автоматтандырылған проектілеу жүйесінің элементі. (АПЖЭ).
Тағайындамасы:
· Техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшөлшемді бейнелерді алу) сызба дайындау;
· Моделдеу (графика+есептеу) -
оптимальды конструкциялау.
4. Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар көмегімен сурет салу;
5. Көркемдік және жарнамалық графика. Өте күшті
графикалық пакеттерді пайдаланып, жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер, қиын шынайы графикалық бейнелер құру. Графикалық бейнелерді құру және әрлеу үшін қолданылады, мысалы, баспа
басылымдарын, жарнамалық роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу,
мультфильм құру, видеосабақ, компьютерлік ойынды әрлеу. Архитектурада сызба дайындау процесін
автоматтандыру және
көпқабатты
ғимараттарды жоспарлау мүмкіндігін береді.
3. Графикалық редакторлар әр түрлі суреттерді, сызбаларды,
иллюстрацияларды дайындау барысында пайдаланылатын қолданбалы программалардың тобын қалыптастырады.
Компьютерлік графиктердің қолданылатын бірқатар аймақтарын айта кетейік: визиткалар мен хабарландыруларды, иллюстративтік және іскерлік графиктерді ресімдейді, есептіліктердің, мақалалардың, кітаптардың суреттерін әзірлейді; нақты іс сцена мен анимациялық фильмдерді құрастырады; жарнама роликтерін жасайды және т.б.
Барлық графикалық редакторларды екі топқа бөлуге болады: растарлық және векторлық. Растрлық графикалық редакторда (басқаша Bitmap- графикалық редакторы деп аталады) кескін квадраттардың (кескіндердің пиксельдердің элементтері) шамалары бойынша
кішкентай әрі растарларды құрылады.
Растрлық редактордың негізі элементі - нүкте (оның жағдайы, анық та қанық болуы, түсі).
Растрлық кескін бағандар мен жолдардың қиылысында орналасқан көптеген жекелеген нүктелерден (пискельдерден) қалыптасады. Кескінді бұлай қалыптастырудың басты артықшылығы - қарапайымдылығында. Растрлық кескінді жадында сақтау үшін растрлық суреттердің бірінші кемшілігіне айналған - жадында сақтаудың үлкен көлемін қажет етеді. Растрлық суреттердің тағы бір кемшілігі - масштабын өзгерту барысында кескін бұрмаланып кетеді.
Информацияны көрсетудегі растрлық тәсілдің артықшылығы - обьектінің формалары мен түсін өзгере алатын мүмкіндіктері шексіз (өте көп) десе де болады. Графикалық редакторлардың
бұл тобының типтік өкілі – Windows операциялық жүйелерінің құрамына кіретін Paint графикалық редакторы болып табылады. Растрлық графикалық редакторларға мыналар жатады: Adobe Photoshop,
Photostyler, Coler Photo, Adobe Photo-Paint.
Векторлық графиктің негізгі элементіне сызық және математикалық формулалар жатады. Олар осы сызықты сызады.
Векторлық графикте объектінің мастабына өзгерткен кезде әр түрлі пискелдердің орналасу карталары (кестелер,
матрицалар) емес, объектінің математикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасында пропорция дәлме-дәл сақталады. Векторлық графикалық редакторлар- Adobe Illustrator, Macromedia Freehand және Corel Draw.
Векторлық графикте қисық үшін реттің алуан түрлілігі болып табылатын Безье кеңінен тараған.
Динамикалық кескін 3D Studio MAX, Animator Pro және Corel Draw редакторларының көмегімен жасалады.
3D Studio MAX десетесінде кескінді қалыптастырудың мына схмемалары пайданылады: аз ғана түйінді кадрлар беріледі, ал олардың кадрларын байланыстырушы қалғандары дестені интерполяция (жеткіліксіз деректерді қалыптастыратын математикалық операция) арқылы автоматты түрде құрады.
3D Studio MAX редакторы кескінделетін
объектілерді былайша түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді: берілген траекторияның ұзына бойымен жылжыту; айналдыру;
деформация (қысу немесе созу); морфинг (бір
объектіні келесіне жайлап трансформациялау). Десте объектіні жарықтандырудың (жарық қылудың) бірнеше жарық көздерін және объектіні әр түрлі көзқарастан қадағалайтын бірнеше кемераны пайдалануға мүмкіндік береді. Объектілердің қырлары (грани объектов) кітапханада үлгілері сақтаулы болатын әр түрлі фактуралармен сурет етіп салынуы ықтимал.
Әдебиеті:
1 Компьютерная графика. С.В.
Глушаков, Г. А. Кнабе. Харьков «Фолио»
Москва «АСТ»,
2001.
2 Эффективная работа с Corel
Draw 11. Александр Тайц. Санкт- Петербург *
Москва * Харьков * Минск, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1 Графика дегеніміз не?
2 Графиканың түрлерін атаңыз.
3 Векторлық графикамен жұмыс жасайтын қандай
бағдарламасын
білесіз?
4 Графикалық редактор түрлерін ата?
5 Растрлық графика дегеніміз не?
6 Векторлық графика деп нені айтады?
7 Векторлық графиктің негізгі элементін ата?